Былтыр күзде басына кондиционер құлап, қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел жақында шаңырақ көтерген болатын. Көпшілік Әділет пен оның ата-анасын «марқұмның жылдық асын күтпей, ата-анасының алдынан өтпей той жасады» деп айыптаған еді. Осы даудан кейін Әділет пен оның анасы YouTube арналарының біріне сұхбат берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Желіде «Ұлдананың ата-анасына барып, алдарынан өтіп, неге баталарын алмады» деп айыптап жатқандар көп. Қазір біздің қарым-қатынасымыз бұрынғыдай емес. Біз қазір мүлде араласпаймыз. Баласын жоғалтқан адам менің балама батасын бермес еді. Мен ешкімнің мазасын алғым келмеді, ешкімді ренжіткім келмеді. Бәрін үнсіз өткізгіміз келді. Бірақ олай болмай шықты. Ұлдананың анасы менің бұл жақсы жаңалығымды жақсы жаңалық деп қабылдамас еді. Сондықтан біз оған соққы жасағымыз келмеді. Осылай өткізейік деп шештік», - деді Әділеттің анасы.