ЖСДП кандидаттары елордада қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін, экологиялық жауапкершілікті және тұрғын үй кешендеріндегі тиімді өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған «Таза үй – Таза Ел» жобасын таныстырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс-шараға ЖСДП-дан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Талғат Татиков пен Аслан Құлмағамбетов қатысып, жобаның мақсаты және оны еліміз бойынша жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы баяндады.