«Ақ жол» партиясының кандидаттары «Үркер-АШ» ЖШС ұжымымен кездесті

/
«Ақ жол» партиясының кандидаттары «Үркер-АШ» ЖШС ұжымымен кездесті
"Ақ жол" партиясының сайты

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева партия кандидаттарымен бірге «Үркер-АШ» ЖШС-не барып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында кәсіпорын ұжымы Дания Еспаеваға құрмет белгісі ретінде әсем гүл шоғын табыстап, жылы ықыласын білдірді.

Кездесу барысында «Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылды. Әсіресе отандық өндірісті дамыту, өңдеуші кәсіпорындарды қолдау, салық саясатын жетілдіру, жаңа жұмыс орындарын ашу және шағын әрі орта бизнестің мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кәсіпорын қызметкерлері үгіт-насихат тобының мүшелерімен өндіріс секторын дамыту, білікті кадрлар даярлау, отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және кәсіпкерлікке қолайлы жағдайларды одан әрі жетілдіру бағытындағы өзекті тақырыптарды талқылады.

Кездесуге қатысушылардың сауалдарына жауап берген Дания Еспаева «Ақ жол» демократиялық партиясы өндірістің дамуына қолайлы орта қалыптастыруды, кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуды, экономиканың шынайы секторына инвестиция тартуды және отандық өндірушілерге берілетін тапсырыстар көлемін ұлғайтуды қолдайтынын атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар отандық өндірісті дамытудың келешегі жөнінде пікір алмасып, Қазақстан экономикасын нығайтуға бағытталған шешімдерді әзірлеуде еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер мен саяси институттар арасындағы тұрақты диалогтың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар