«Байтақ» партиясының үміткері «Астана Арена» спорт кешенінің ұжымына сайлауалды бағдарламасын таныстырды

/
«Байтақ» партиясының үміткері «Астана Арена» спорт кешенінің ұжымына сайлауалды бағдарламасын таныстырды

«Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Сәуле Қамытбекова «Астана Арена» спорт кешенінің ұжымымен кездесті. Еңбеккерлермен жүздескен ол партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шарада экология, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму бағытындағы бастамалар кеңінен талқыланды. Ашық диолог форматында өткен жүздесу кезінде қатысушылар өзін алаңдатқан сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірін ортаға салды.

Сәуле Қамытбекова табиғатты қорғау әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

«Таза қоршаған орта – дені сау ұлттың кепілі. Сондықтан экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты қорғау ісіне қоғам болып атсалысуымыз қажет», - деді кандидат.

Тараптар экологиялық бастамаларды қолдау және халықпен ашық диалогты жалғастыру өте маңызды екенін атап өтті.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар