Respublica партиясы Астанада Ұлттық риэлторлар палатасы өкілдерімен пікір алмасты

/
Respublica партиясы Астанада Ұлттық риэлторлар палатасы өкілдерімен пікір алмасты
Respublica партиясы

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында Respublica партиясының өкілдері Ұлттық риэлторлар палатасы «PANA» ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесудің негізгі тақырыбы саланың даму перспективалары, кәсіпкерлікті дамыту және Respublica партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары болды.

Іс-шараның спикері Құрылтай депутаттығына кандидат Ерлан Сүлейменов Respublica партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында Respublica партиясының Астана қалалық филиалының төрағасы Нұргүл Ахметова кәсіби қауымдастық өкілдерімен ашық пікір алмасудың және азаматтардың ұсыныстарын талқылаудың маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар