Қазақстан Халық партиясының өкілдері Алматы облысында диқандармен кездесті

/
Қазақстан Халық партиясының өкілдері Алматы облысында диқандармен кездесті
Қазақстан Халық партиясы

Қазақстан Халық партиясы еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделеріне қатысты мәселелерді сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қолайсыз ауа райына қарамастан, далада еңбек етіп жүрген диқандар еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді.

Осыған байланысты Қазақстан Халық партиясынан (сайланатын органның нақты атауы) депутаттығына кандидаттар мен Қазақстан Халық партиясының Алматы облыстық филиалының өкілдері диқандармен кездесу өткізді. Кездесу барысында еңбек адамдарының қоғамдағы рөлі, ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер және Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген бастамалар таныстырылды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар