«Ауыл» партиясы СҚО-да құс шаруашылығы кәсіпорнының ұжымымен пікір алмасты

/
«Ауыл» партиясы СҚО-да құс шаруашылығы кәсіпорнының ұжымымен пікір алмасты
«Ауыл» партиясы

«Ауыл» партиясының кандидаттары Солтүстік Қазақстан облысындағы құс шаруашылығы саласының ірі кәсіпорындарының бірі – «Алекри» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында «Ауыл» партиясының өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өңірлерді дамытуға қатысты бастамалар мен азаматтардың ұсыныс-пікірлерін жинау жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Кездесу кезінде елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің рөліне ерекше назар аударылды. 34 жылдан бері «Алекри» ЖШС өңірдегі құс шаруашылығы саласын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және облыс экономикасының дамуына үлес қосып келеді.

«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов кәсіпорындардың елді сапалы отандық өніммен қамтамасыз етудегі маңызына тоқталды.

Сондай-ақ «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылды. Бағдарламада еңбек адамдарының құқықтары мен еңбек жағдайларын жақсарту, ауылдық аумақтарды дамыту, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, бюджеттік қаражаттың жұмсалу ашықтығын арттыру, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және қала мен ауыл тұрғындары үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыру көзделген.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар