«Телефонмен сөйлесіп бара жатқан»: Астанада жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

/
«Телефонмен сөйлесіп бара жатқан»: Астанада жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Әлеуметтік желілерде Астанада болған жол-көлік оқиғасының сәті түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кадрларда жас жігіт телефонмен сөйлесіп келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды кесіп өтпек болған. Бірнеше секундтан кейін оны жеңіл автокөлік қағып кеткен.

Жарияланым авторы оқиғаға куә болғанын айтты. Оның сөзінше, жол апатынан кейін бірден жедел жәрдем шақырып, зардап шеккен азаматқа қолынан келген көмегін көрсеткен.

«Бүгін жол-көлік оқиғасының куәсі болдым. Бірден жедел жәрдем шақырып, зардап шеккен адамға шамам келгенше көмектестім. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер, барынша мұқият болыңыздар. Бір ғана сәт біреудің өмірін түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін», – деп жазды оқиға куәгері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары