Арменияның Сюник облысында магнитудасы 3 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігінің Құтқару қызметі мәлімдеді.
Жер сілкінісі 4 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:54-те Сисиан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 23 шақырым жерде тіркелген.
Мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Эпицентрдегі дүмпу күші 4 баллды құрады.
Жер сілкінісі Сисиан және Дастакерт қалаларында, сондай-ақ Аревис, Танаат, Тасик, Салвард және Торуник ауылдарында 2–3 балл шамасында сезілген.