Алматы тауларында екі турист үсіп қалған

/
Алматы тауларында екі турист үсіп қалған
istockphoto.com

Қарасай ауданындағы «Терра» алаңы маңында теңіз деңгейінен 2600 метр биіктікте Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары екі туристке көмек көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

2003 және 2004 жылы туған жастар таулы аймаққа көтерілген. Алайда ауа температурасының төмендеуіне байланысты тоңып, өздігінен төмен түсе алмаған.

Құтқарушылар екі туристі аман-есен экологиялық бекетке дейін жеткізді. Медициналық көмек қажет болмағандықтан, олар үйлеріне өздігінен қайтты.

ТЖМ ескертеді: тауға шығар алдында маршрутты алдын ала жоспарлап, ауа райы жағдайын және күннің бату уақытын ескеріңіз. Туристік соқпақтардан шықпаңыз және өз күшіңізді дұрыс бағалаңыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар