Ақмола облысында 20 жастағы жігіт суға секіремін деп көз жұмды

/
Ақмола облысында 20 жастағы жігіт суға секіремін деп көз жұмды
istockphoto

Ақмола облысы Есіл ауданында 20 жастағы жігіт суға секіремін деп қаза болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жас жігіт суға жағалаудың жайсыз жерінен, биіктіктен секірген. Алайда су түбінде тас көп болып, судың ол жердегі ағысы да қатты болған.

Төтенше жағдайлар департаментінде жігіттің аса қауіпті жерден суға секіргенін айтады.

"Ер адам тасқа басымен соғылып, суға тұншығып кеткен. Денесі жарты сағат бұрын жағалаудан 200-250 метр жерден табылды" - дейді Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінде.

Айта кетейік, бір ғана Ақмола облысында биыл 26 адам сауға батып, мерт болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар