Сербияда қазақстандық қыз 6-қабаттан құлап көз жұмды

/
Сербияда қазақстандық қыз 6-қабаттан құлап көз жұмды
tiktok.com/@homeart_mebelart

Сербия астанасы Белградта алтыншы қабаттан құлаған Қазақстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Threads әлеуметтік желісінде марқұмның әкесінің видеосы жарияланды. Жазба авторы оқиғаның мән-жайын жан-жақты тексеруге және отбасыға көмек көрсетуге шақырған.

NUR.kz-ке ҚР СІМ хабарлағандай, Қазақстанның Сербиядағы елшілігі марқұмның отбасымен тұрақты байланыста болып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетуде.

«Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құзырлы органдармен бірге болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Мәселе министрліктің бақылауында», – деді СІМ.

Ресми тергеу нәтижелері мен нақты өлім себебі әзірге жарияланған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар