Димаш Құдайберген қазақтың кең тараған халық әндерінің бірі «Ақеркеге» бейнебаян түсірді. Жаңа туынды әншінің YouTube арнасында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бейнебаянды көрген көпшілік туындыға жоғары баға беруде.
«Ақерке» әнін жаңғыртып, халықтың бай мұрасын қастерлеген Димаштың өнері өрлей берсін!», «Әнші талантты болса халық әнін халықаралық хитке айналдыруға болады!», «Талантқа талас жоқ! Тағы да шығармашылық эксперименттер күтеміз», «Әннің мәні, бейнебаянның сапасы және Димаштың қайталанбас орындауы бәрі де жоғары деңгейде, осындай сапалы жұмыстар көбейе берсін», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.
«Ақерке» – лирикалық-сүйіспеншілік тақырыбындағы көркем ән. Бұл ән халық арасында ұзақ уақыттан бері ауызша таралып, әртүрлі орындаушылардың репертуарында сақталған. Әнде жігіттің сүйген жарына деген сағынышы, іңкәр сезімі, адал махаббаты суреттеледі.