Қазақстан Халық партиясы Шымкентте «Оңтүстік Жарық Транзит» ұжымымен кездесу өткізді

/
Қазақстан Халық партиясы Шымкентте «Оңтүстік Жарық Транзит» ұжымымен кездесу өткізді
Қазақстан Халық партиясы

Бүгін Қазақстан Халық партиясының өкілдері «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, энергетика саласын дамыту, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Қазақстан Халық партиясының бастамалары түсіндірілді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Ұжым қызметкерлері өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, өздерін толғандырған мәселелерді көтерді. Қазақстан Халық партиясының өкілдері қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, қоғам сұранысына негізделген тиімді шешімдерді іске асырудың маңыздылығына тоқталды.

Қазақстан Халық партиясы еңбек ұжымдарымен тұрақты кездесулер өткізу азаматтардың пікірін ескеруге, өзекті мәселелерді талқылауға және сайлауалды бағдарламаны халықтың нақты сұранысына сәйкес іске асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар