Бүгін Қазақстан Халық партиясының облыстық сайлауалды штабының өкілдері Еуразиялық банк ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, лайықты еңбекақыны қамтамасыз ету, қолжетімді баспанамен қамту, жас мамандарды қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Қазақстан Халық партиясының өкілдері мұндай кездесулер азаматтардың ұсыныстарын ескеруге және қоғамның сұранысына негізделген тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Кездесу соңында Қазақстан Халық партиясының өкілдері Еуразиялық банк ұжымына белсенді қатысқаны және сындарлы пікір алмасқаны үшін алғыс білдірді.