«Ақ жол» партиясының Алматы қалалық штабы «Сұңқар» ЖШС ұжымымен кездесті

/
«Ақ жол» партиясының Алматы қалалық штабы «Сұңқар» ЖШС ұжымымен кездесті
"Ақ жол" партиясының сайты

«Ақ жол» партиясының кандидаттары Әлия Рақышева, Олжас Нұралдинов, Юрий Ли және партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Азамат Қиялбаев Алматыдағы «Сұңқар» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында кандидат Әлия Рақышева «Ақ жол» партиясының отандық өндіріс пен бизнесті қолдауға бағытталған салық жүйесін жетілдіру ұсыныстарын тарқатып айтты. Ал кандидат Юрий Ли сайлаушыларды партиялардың бағдарламаларымен мұқият танысып, саналы таңдау жасауға шақырды.

Олжас Нұралдинов «Ақ жол» партиясының жетістіктерін атап өтіп, ұлттық мүдделерді, халықтық ресурстар мен демократияны қорғаудағы күреске тоқталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар