«Ауыл» партиясының өкілдері Қостанай облысындағы агроөнеркәсіп кешенінің ұжымымен кездесті

/
«Ауыл» партиясының өкілдері Қостанай облысындағы агроөнеркәсіп кешенінің ұжымымен кездесті
«Ауыл» партиясы

«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов пен Құрылтай депутаттығына кандидаттар Қостанай облысындағы «Александровское» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және ауыл инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған сайлауалды бағдарлама таныстырылды. Қайрат Айтуғанов ауыл еңбеккерлерінің ел экономикасындағы рөлін жоғары бағалап, еңбек адамын қолдау мен оның мәртебесін көтеру «Ауыл» партиясының басты басымдығы екенін атап өтті.

Сондай-ақ «Ауыл» партиясының төрағасы «Александровское» ЖШС директоры, кандидат Андрей Двуреченскийдің саладағы мол тәжірибесіне тоқталды. Өз кезегінде А. Двуреченский «Ауыл» партиясы бастамаларының арқасында ауыл тұрғындары үшін 6 пайыздық жеңілдетілген несие беру тетіктері кеңейгенін, ал мемлекет кепілдіктің 85 пайызын өз мойнына алғанын жеткізді. Ол сонымен бірге «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жетілдіріп, жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді күшейту қажеттігін айтты.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде ұжым қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Жиынды қорытындылаған Қайрат Айтуғанов «Қуатты өңірлер – қуатты орталық!» ұстанымын жеткізіп, өңірлер мен ауылдарды өркендету арқылы ғана елдің тұрақты дамуына және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізуге болатынын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар