Жамбыл облысында 4 теміржолшының қазасына кінәлі күдіктілер сотталды

/
Жамбыл облысында 4 теміржолшының қазасына кінәлі күдіктілер сотталды
istockphoto.com

Жамбыл облысы Шу аудандық соты теміржолда төрт қызметкердің қаза болу оқиғасы бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 10 желтоқсанда «Шешенқара – Қаражыңғыл» аралығында болған-тын. Онда жүк пойызы теміржол сүйемелін жөндеумен айналысып жатқан бригаданы басып кеткен.

Жұмыс аралықты жаппай және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтамай жүргізілген. Пойыз машинисіне жолда адамдардың жүргені туралы уақытылы ескертілмеген.

Басып кету салдарынан төрт қызметкер қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды.

Соттың 2026 жылғы 9 шілдедегі үкімімен пойыз диспетчері 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сарышаған жол дистанциясының екі қызметкері 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Бұдан бөлек, үшеуіне де теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Іс бойынша мемлекеттік айыптауды транспорттық прокуратура қолдады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары