Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шолпан-Атаға сапармен барады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен 31 шілде – 1 тамыз күндері Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға сапармен барады», – делінген хабарламада.