Таразда дрифт жасаған жүргізуші 5 тәулікке қамалды

/
Таразда дрифт жасаған жүргізуші 5 тәулікке қамалды
Polisia.kz

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгілі болғандай, қала көшелерінің бірінде 22 жастағы BMW автокөлігінің жүргізушісі дрифт жасап, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндірген, түнгі тыныштықты бұзып, жол жабынына зақым келтірген.

Құқық бұзушы сот шешімімен кінәлі деп танылып, оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Полиция ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында дрифт жасау – қызық көрініс емес, бұл айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заң бұзушылық екенін еске салады. Мұндай әрбір дерек жедел түрде анықталып, кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар