«Respublica» партиясы Қызылордада тігін шеберханасының қызметкерлерімен жүздесті

/
«Respublica» партиясы Қызылордада тігін шеберханасының қызметкерлерімен жүздесті
«Respublica» партиясы

«Respublica» партиясының Қызылорда облыстық сайлауалды штабының мүшелері «Kerim Сұлу – Qyzylorda» тігін шеберханасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында «Respublica» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттары таныстырылып, әлеуметтік-экономикалық даму, халықтың әл-ауқатын арттыру және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы ақпарат берілді.

Іс-шараға «Respublica» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Дәурен Сейтжанов, (сайланатын органның нақты атауы) депутаттығына кандидат Венера Дәулетбаева, өңірлік кеңестің төрағасы Ғани Қарғабай және партияның сенімді өкілдері қатысты.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ іс-шара барысында жас белсенділер қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы мен үгіт-насихат материалдары қамтылған ақпараттық парақшалар таратты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар