Таиландта жоғалып кеткен екі шетел азаматы 4 күннен бері табылмай жатыр

/
Таиландта жоғалып кеткен екі шетел азаматы 4 күннен бері табылмай жатыр
kp.ru

Таиландта тұратын ресейлік ағайынды Диана мен Роман із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Shot Telegram арнасының мәліметінше,  шамамен бес жыл бұрын Ресейден Таиландқа қоныс аударған бауырлар үйден мотоциклмен шығып кеткен. Олардың кетіп бара жатқан сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Араға 26 минут салып Диананың смартфонынан «Urgent!» («Шұғыл!») деген жалғыз хабарлама жіберілген. Дәл сол уақытта оның телефонының соңғы геолокациясы үйінен шамамен 200 метр жерден анықталған. Осыдан кейін екеуі де байланысқа шықпаған.

Басылымның жазуынша, жоғалардан аз уақыт бұрын Диана анасына iPhone телефоны белгісіз Bluetooth құрылғысын анықтағанын айтып, оның өз орналасқан жерін бақылау үшін пайдаланылуы мүмкін екенін жеткізген. Анасы Паттайя қаласының полициясына арыз берген.

Кейіннен олардың мопеді бөлшектеліп, жерге көмілген күйде табылған. Көлік мемлекеттік нөмірі арқылы танылған.

Айта кетейік, Диана 22 жаста, ал Роман 27 жаста.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар