Батумиден шыққан ұшақ Қара теңізге шұғыл қонды

/
Батумиден шыққан ұшақ Қара теңізге шұғыл қонды
unsplash.com

Батуми қаласынан ұшып шыққан екі орындық жеке ұшақ техникалық ақауға байланысты Түркияның Ризе жағалауында Қара теңізге шұғыл қонды, деп хабарлайды turkystan.kz.

TRT Haber мәліметінше, ұшақ бортында Бельгия азаматтары болған. Оларды Түркияның жағалау күзеті құтқарып, ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлер зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.

Түркияның Көлік министрлігінің мәліметінше, ұшу кезінде әуе кемесінің қозғалтқышында ақау пайда болған. Осыдан кейін экипаж төтенше жағдай жариялап, ұшақты суға қондыруға мәжбүр болған.

Оқиға Ризе-Артвин әуежайына жақын маңда болған.

Құтқару қызметтері оқиға орнына жедел жетіп, ұшақтағы екі адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары