Алматы облысының Қарасай ауданында құтқарушылар тауда қалып қойған екі жасөспірімге көмекке келді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқиға түнде «Терра» алаңы маңында, теңіз деңгейінен 2600 метр биіктікте болған.
Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары таудан өздігінен түсе алмаған жасөспірімдерге көмекке келген.
Құтқарушылар олармен байланыста болып, орналасқан жерін анықтады. Кейін жасөспірімдерді қауіпсіз жерге түсіріп, туыстарына тапсырды. Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болмаған, — делінген хабарламада.