Балқаш жағалауында көлікпен жүрген жүргізуші 10 тәулікке қамалды (ВИДЕО)

/
Балқаш жағалауында көлікпен жүрген жүргізуші 10 тәулікке қамалды (ВИДЕО)
Polisia.kz

Полиция қызметкерлері Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Балқаш көлінің тура жағалауында және судың ішінде адамдар, жас балалар шомылып жүрген кезде Mercedes-Benz автокөлігін жүргізіп, қауіп төндірген 40 жастағы жүргізушіні анықтады. Ол өз әрекетімен айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құқық бұзушы Тараз тұрғыны Нұрлан Исаев болып шықты. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Автокөлік арнайы тұраққа жабылды.

Полиция ескертеді: жаппай демалыс орындары – қауіпті ойын-сауықтың орны емес. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қойылып, кінәлілер заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар