Тамыздан бастап Астанда ЛРТ-да жол жүру тарифтері өзгереді

/
Тамыздан бастап Астанда ЛРТ-да жол жүру тарифтері өзгереді
CTS

1 тамыздан бастап жолаушылардың ыңғайлылығы үшін Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінде жаңа тарифтер жүйесі қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бір реттік жол жүру құны – 200 теңге.

Мерзімдік тарифтер:

  • 1 күн – 500 теңге;
  • 3 күн – 1 500 теңге;
  • 5 күн – 2 500 теңге;
  • 10 күн – 4 000 теңге;
  • 15 күн – 5 000 теңге;
  • 1 ай – 7 500 теңге;
  • 3 ай – 20 000 теңге.

Белгіленген сапар санына арналған тарифтер:

  • 5 сапар – 900 теңге;
  • 10 сапар – 1 800 теңге;
  • 20 сапар – 3 500 теңге;
  • 30 сапар – 5 000 теңге.

Айлық тарифтердің қолданылу тәртібі:

  • Егер тариф айдың 15-іне дейін (қоса алғанда) сатып алынса, ол сол айдың соңына дейін жарамды болады.
  • Ал 15-інен кейін сатып алынған жағдайда, тариф келесі айдың 1-інен бастап күшіне енеді.
  • Айлық тариф күнтізбелік ай ішінде, яғни айдың 1-інен 30/31-іне дейін жарамды.

Күндік және сапар саны белгіленген тарифтер:

Алғашқы рет валидатордан өткен сәттен бастап іске қосылады. Күндік тариф сол күннің соңына дейін (00:00-ге дейін) жарамды.

Ал сапар саны белгіленген тариф сатып алынған сапарлар толық пайдаланылғанға дейін қолданылады.

Тарифтерді Tarlan Astana стансаларындағы кассалардан сатып алуға болады. Олар арнайы көлік картасына жүктеледі.

Көлік картасының теңгерімін стансалардағы кассалар немесе терминалдар арқылы тексеруге болады.

Көлік картасы жоғалған жағдайда оған жүктелген және белсендірілген тарифтер қалпына келтірілмейді әрі басқа картаға ауыстырылмайды.

Жаңа тарифтер тек Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінде қолданылады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта LRT жүйесін Астана қаласының автобус желісімен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар