«Ақ жол» партиясының кандидаттары Атыраудың мұнайшыларымен жүздесті

/
«Ақ жол» партиясының кандидаттары Атыраудың мұнайшыларымен жүздесті
"Ақ жол" партиясының сайты

Құрылтай сайлауына арналған үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалы «НСС НефтеСтройСервис» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мұнай-газ, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласында қызмет көрсететін бұл кәсіпорын – құрамында 5 мыңнан астам адам еңбек ететін еліміздегі ірі отандық компаниялардың бірі.

"Ақ жол" кандидаттарының жұмысшылармен жүздесу барысында үгіт-насихат тобы партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарына тоқталып, отандық кәсіпкерлікті қолдау мен экономиканы дамыту жөніндегі маңызды бастамаларды ортаға салды.

Еңбек ұжымымен ашық диалог форматында өткен жиында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, тұрғындардың баспанаға қолжетімділігін арттыру, ипотекалық несие беру тетіктерін жеңілдету, сондай-ақ салық жүйесін оңтайландыру және жаңа Салық кодексіне қатысты партияның нақты ұсыныстары кеңінен талқыланды.

Кәсіпорын қызметкерлері "Ақ жол" партиясының өкілдері айтқан бастамаларға үлкен қызығушылық танытып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды және ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар