Павлодар полицейлері 3 ай бұрын жоғалып кеткен тұрғынды тапты

/
Павлодар полицейлері 3 ай бұрын жоғалып кеткен тұрғынды тапты
istockphoto.com

Полицейлер сәуір айында үйінен шығып, қайта оралмаған павлодарлықты айдаладан тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның мәліметінше, шілде айында полицияға ер адамның анасы жүгініп, ұлының сәуір айында үйден шығып кеткенін, содан бері хабар-ошарсыз екенін айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары жоғалған азаматтың Қарағанды облысы Саран қаласының маңындағы далада жүргенін анықтады.

Белгілі болғандай, ер адам табыс табу мақсатында жұмысқа кеткен. Алайда жолда ұялы телефонын жоғалтып алып, жақындарымен байланыса алмаған. Сондай-ақ оның жаңа телефон сатып алуға мүмкіндігі болмаған.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, азаматқа қатысты ешқандай қылмыс немесе құқыққа қайшы әрекет жасалмаған.

Осыған байланысты полиция тұрғындарға тұрғылықты немесе уақытша тұратын жерінен ұзақ уақытқа кететін жағдайда бұл туралы туыстары мен жақындарын алдын ала хабардар етуге кеңес берді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар