Астанада төрт жүргізуші құрылыс нысанынан топырақ ұрламақ болған

/
Астанада төрт жүргізуші құрылыс нысанынан топырақ ұрламақ болған
Polisia.kz

Астана қаласының полиция қызметкерлері құрылыс нысанынан топырақты заңсыз әкетуге әрекет жасаған төрт арнайы техниканың жүргізушілерін ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, түскі уақытта күдіктілер құрылыс алаңына заңсыз кіріп, арнайы техникалардың көмегімен топырақты тиеп, алып кетпек болған. Алайда олардың әрекеті полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде дер кезінде әшкереленіп, төрт жүк көлігі қылмыс орнында ұсталды.

Тексеру барысында арнайы техникаларды 36, 37, 41 және 60 жастағы азаматтар басқарғаны анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің арнайы техникалары айып тұрағына қойылды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар