Президент семсерлесуден Қазақстан құрамасын әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

/
Президент семсерлесуден Қазақстан құрамасын әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Фото: gov.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын Гонконгта өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

"Мемлекет басшысы құттықтауында семсерлесушілердің ел тарихындағы тұңғыш алтын медалі спорттық шеберліктің, болаттай берік мінез бен командалық рухтың айқын көрінісі екенін атап өтті", - деді Смадияров.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын айтып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Еске салайық, семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем чемпионы атанды. Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов финалға дейін жетіп, алтын медаль үшін өткен кездесуде Украина құрамасымен жолығып, 40:45 есебімен жеңіске жетті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар