«Әйел сүйсе соңына дейін барады»: Роза Әлқожа ажырасқан әйелдің тағдыры туралы ой қозғады

/
«Әйел сүйсе соңына дейін барады»: Роза Әлқожа ажырасқан әйелдің тағдыры туралы ой қозғады
жеке парақшасынан

Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі жазбасында ажырасқан әйелдің басынан өтетін қиындықтар туралы ой бөлісіп, мұндай шешімге көбіне ұзақ уақыт жиналған күйзеліс пен өз-өзін қорғау қажеттілігі себеп болатынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ажырасқан әйел.

Әйел сүйсе соңына дейін барады. Өбектейді, қорғайды, сенеді. Кейде ол бармаған тәуекелге барады. Армандайды, үмітін үзбейді. Анасындай қамқор, досындай адал, әпкесіндей жанашыр болады. Бірақ, бір күні жартысының қаптаған көзге шөп салулары оны жалықтырады. Мұздай нәрсе көбейеді: суық құшақ, суық қабақ, суық үй!

Ол қанша жылытқысы келсе де өзіне жау сияқты қарайтын жанардан жасқанады. Ол қанша тырысса да көрмейтін көзден жалығады. Оны өз үйінде еркелетіп өсірген еді, ал мұнда еркеліктің көлеңкесі де жоқ. Ханшайымнан күңге айналды. Ол жүкті жалғыз сүйреп шаршады.

Бұл осы одаққа кінәлі жалғыз адам болып қалды. Ерте үйленгені үшін, бәріне жауапты болғаны үшін ол мұны жазалады. Қылқындыру, үлкен заттарды қирату, бұған қарай лақтыру, шыны заттарды шағу, қабырғаға басын соғып ұру, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.

Бұл ең үлкен азапты ең жақын адамынан көрді. Бұл ең үлкен өкінішті ең үлкен қуанышым деген адамнан көрді. Жылдар бойы өзі құраған мозайканы өзі бұзуға көнді. Онсыз өзін жоғалтып бара жатыр еді… Онсыз ауруы көбейіп, арманы таусылған еді. Өзін өзі қорғамаса ешкім қорғамайтынын ұғынды. Өзін өзі сүюге қадам басқан-ды…», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары