Назгүл Хатепова Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды

/
Назгүл Хатепова Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды
Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Назгүл Хатепова Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Назгүл Хатепова 1990 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ол Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Академияда бизнес және басқару мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2012 жылы бастаған. 2012–2021 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымында менеджер, сарапшы және бас сарапшы болып қызмет атқарды.

2021–2022 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы өнімдерін сертификаттау басқармасының басшысы болды.

2022–2025 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры қызметін атқарды.

2025 жылғы қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары