Алматы облысында полицейлер тұрғындарды өрттен аман алып қалды

/
Алматы облысында полицейлер тұрғындарды өрттен аман алып қалды
polisia.kz

Алатау қаласының патрульдік полиция қызметкерлері тұрғындарды өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қызмет атқару кезінде патрульдік полиция қызметкерлері Б.Үмбетәлиев пен Н.Бақберген Ынтымақ шағынауданының көшелерінің бірінде орналасқан тұрғын үйден шыққан өртті байқаған.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, бірден адамдарды құтқаруға кірісті. Олар өз өмірлерін қатерге тіге отырып, үй ішінде болған азаматтарды қауіпсіз жерге эвакуациялап, жалынның одан әрі таралуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдады.

Денелерінің күйік алғанына қарамастан, полицейлер өрт сөндіру қызметі келгенге дейін өртті сөндіруге белсенді түрде атсалысты.

Полиция қызметкерлерінің батыл әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында адам өмірі сақталып, ықтимал ауыр зардаптың алдын алу мүмкін болды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары