Атырауда полицейлер жүкті әйелді перзентханаға 2 минутта жеткізді (ВИДЕО)

/
Атырауда полицейлер жүкті әйелді перзентханаға 2 минутта жеткізді (ВИДЕО)
istockphoto.com

Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс көшесінде қызмет атқару кезінде патрульдік полиция қызметкерлеріне Hyundai автокөлігінің жүргізушісі жүгініп, жағдайы күрт нашарлаған жүкті жұбайын облыстық перзентханаға шұғыл жеткізуге көмек сұраған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Азамат жұбайын жеке көлігімен перзентханаға алып бара жатқанымен, жолдағы көлік кептелісіне байланысты патрульдік полицияның көмегіне жүгінген. Жағдайдың шұғыл екенін ескерген полиция қызметкерлері Қанат Ақмырзаев пен Әлішер Төлеуов арнайы дыбыс және жарық сигналдарын пайдаланып, жүкті әйелді облыстық перзентханаға екі минут ішінде жеткізді. Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.

Жол сақшыларының кәсіби әрі жедел әрекеті ана мен бала денсаулығы үшін аса маңызды сәтте уақыт жоғалтпауға мүмкіндік берді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар