«Үндістанда 2,5 ай ем қабылдадым»: Айтақын Бұлғақов қиын сәтте қасынан табылған жанашырларына алғысын жеткізді

/
«Үндістанда 2,5 ай ем қабылдадым»: Айтақын Бұлғақов қиын сәтте қасынан табылған жанашырларына алғысын жеткізді
Ғаламтор

Белгілі айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов әлеуметтік желідегі парақшасында жан сырын ақтарды. Ақын ауыр дертке шалдығып, алыс шетелде ем алғанын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Адам баласының басына не келіп, не кетпеген. Бұл жайдан өздеріңіз де хабардар боларсыздар. Ойламаған жерден жаман дерт келіп жабысты. Бұл хабарды естіген сәтте төбемізден жай түскендей күй кештік. Отбасымды үрей билеп, әр күніміз үміт пен күдіктің арасында өтті. Бірақ дәл сондай сын сағатта бала-шағам жанымнан табылып, бір сәтке де жалғыз қалдырмады. Солардың қолдауымен Үндістанда екі жарым ай ем қабылдадым. Алланың қалауымен, дәрігерлердің еңбегі мен жанашыр-жақындарымның ақ тілегінің арқасында дерттің беті қайтқандай. Бүгінгі әрбір атқан таңның қадірін бұрынғыдан да терең сезінемін. Осындай қиындықта жанымнан табылған перзенттеріме, маған дұға тілеген барша ағайынға шексіз алғысымды білдіремін. Алла ешкімге мұндай сынақ бермесін», - деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар