Жеке сот орындаушысы борышкерлерден өндірілген ақшаны өз қажетіне жұмсаған

/
Жеке сот орындаушысы борышкерлерден өндірілген ақшаны өз қажетіне жұмсаған
istockphoto.com

Тараз қаласының № 2 соты өндіріп алушылардың мүдделеріне елеулі зиян келтірген өкілеттіктерді бірнеше рет теріс пайдалану фактісі бойынша азамат С.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотталушы С. жеке сот орындаушысы бола отырып, борышкерлерден түскен қаражаттың бір бөлігін иемденіп, оны жеке мақсатта пайдаланған. Үш жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 млн теңгеден асқан.

Сотталушы кінәні мойындап, залалдың толық өтелгені туралы хабарлап, оған жеңіл жаза тағайындауды және рақымшылық туралы заңды қолдануды сұрады.

Жәбірленушілер келтірілген залалдың толық өтелуін ескере отырып, сотталушыға жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот кінәні мойындауды, залалды толық өтеуді және жас балалардың болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайларды анықталған жоқ.

Сот үкімімен С. ҚК 251-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Рақымшылық жасау туралы Заңды қолдана отырып, сотталушы бас бостандығын шектеу түріндегі негізгі жазаны өтеуден босатылады.

Үкім заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар