29 шілдеде Астана уақытымен сағат 11:09-да ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Эпицентрдің координаттары – солтүстік ендіктің 41,357° және шығыс бойлығының 78,778°.
ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балл болып сезілген.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ.