Қала тұрғыны «102» арнасына қоңырау шалу барысында оператордың атына балағат сөздер айтып, ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігінде көзделген «Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қорлау» қылмыстық құқық бұзушылығын жасаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.
Сот үкімімен оған 30 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.
Астана қаласының прокуратурасы төтенше қызметтердің қызметкерлері күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өз міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқаратынын еске салады. Билік өкілін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.