Қалада жанып жатқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртке байланысты Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Кеше түстен бастап жанған өрттің аумағы – 12 га. Бүгінде жалынның аумағы азайған. Себебі кеше түстен бері төтенше жағдай қызметкерлері мен коммуналдық қызметкерлер жалынды сөндіріп жатыр. Бүгін ол жерде 45 дана арнайы көлік жұмыс істеп жатыр», – деді Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.