Астана – Қарағанды тасжолының бір бөлігі уақытша жабылады

/
Астана – Қарағанды тасжолының бір бөлігі уақытша жабылады
Астана әкімдігі

Астанада Астана – Қарағанды тасжолының бір бөлігінде көлік қозғалысының сызбасы уақытша өзгереді. Шектеу жол жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана әкімдігінің мәліметінше, 29 шілде мен 12 тамыз аралығында Қобда тұйығынан А-135 көшесіне дейінгі учаскеде жолдың үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Осы кезеңде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Дегенмен жол толық жабылмайды – көліктер жолдың бір жағымен қатынайды.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін учаскеде қажетті жол белгілері мен бағыттағыштар орнатылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары