Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Арман Исағалиев 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетін, Мароккодағы Сиди Мұхаммад бен Абдалла университетін, Мысыр Араб Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатия институтын тәмамдаған.
Мансабы:
1994-1995 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің оқытушысы;
1995-1999 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының шығыстану институтының ғылыми қызметкері;
2000-2004 жж. Қазақстан Республикасының Египет Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы;
2004-2006 жж. Бизнес құрылымдарындағы жұмыс істеген;
2008-2011жж. Қазақстан Республикасының Сауд Арабия Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесшісі;
2011-2014 жж.Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының сектор меңгерушісі;
2014-2017 жж. Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы (Біріккен Араб Әмірліктері) Бас консулы;
2017-2020 жж. Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
2019–2020 жж. Қазақстан Республикасының Алжир Халықтық-Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарушысы;
2020 ж. қыркүйек айынан Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.