Толассыз жаңбырдан кейін Өскемен көшелерін су басты

/
Толассыз жаңбырдан кейін Өскемен көшелерін су басты
ашық дереккөзден

Өскеменде қатты жауған жаңбыр салдарынан қаланың бірқатар көшесінде су жиналып, көлік қозғалысы қиындады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан жолдардың кей бөлігін су басқанын, кейбір жеңіл көліктің жартылай суға батып қалғанын көруге болады. Жекелеген аумақтарда су жаяу жүргіншілер жолына дейін жетіп, тұрғындар су басқан жерлермен жүруге мәжбүр болған.

Жауыннан кейін қала көшелерінде кептеліс пайда болып, жүргізушілердің қозғалысы қиындаған.

Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, су жиналу жағдайы қаланың үш аумағында тіркелген. Олар – Михаэлис көшесі, Ушанов алаңы және Қазақстан көшесіндегі Балалар базарының маңы.

Қолайсыз ауа райының салдарын жоюға бес арнайы техника, сегіз мотопомпа және 18 қызметкер жұмылдырылған.

«Бір сағат ішінде жұмыстар толық аяқталып, шамамен 570 текше метр жаңбыр суы сорылды. Қазір аталған учаскелерде көлік қозғалысы қалыпты режимде жүріп жатыр», – деп хабарлады қала әкімдігі.

Әкімдік өкілдері су басқан аумақтардағы жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар