Жаңаөзен қаласында жоғалып кеткен тоғыз жастағы бала аман-есен табылды. Оны соңғы рет автобус аялдамасынан көрген. Белгілі болғандай, бала осы уақыт бойы досының үйінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Баланың ата-анасы оның табылғанын және өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.
Маңғыстау облысының полиция департаменті ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажеттігін еске салды. Сондай-ақ оларды қараусыз қалдырмай, қайда және кіммен жүргенін үнемі бақылауға шақырды.