Димаш Құдайбергеннің жаңа әні Жапония радиосында шырқалады

/
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні Жапония радиосында шырқалады
dimashnews.com

30 шілде күні Жапониядағы Kiryu FM радиостанциясы Қазақстан мен Қырғызстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған Music Forever бағдарламасының кезекті арнайы шығарылымын эфирге шығарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бағдарламаның басты жаңалығы – әншінің «Aqerke» атты жаңа композициясы алғаш рет Kiryu FM радиосының эфирінде шырқалады.

Kiryu FM радиостанциясы 2020 жылдан бері жапон тыңдармандарын Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен жүйелі түрде таныстырып келеді. Осы уақыт ішінде әншінің барлық жаңа туындылары тұрақты түрде эфирге шығып, оның өнеріне арналған бірнеше арнайы бағдарлама дайындалған.

Кезекті Dimash Special арнайы шығарылымы Dimash Japan Fan Club жапон жанкүйерлер клубының қатысуымен әзірленді. Эфир барысында «Aqerke» әнімен қатар Love's Not Over Yet, Kieli Meken, Love of Tired Swans, Daididau, Omir және Olimpico композициялары орындалады.

Music Forever бағдарламасын Жапонияның Гумма префектурасындағы Кирю қаласынан Казудзи Като мен Кёко Ямамото жүргізеді. Бағдарлама әр айдың бірінші және үшінші бейсенбі күндері Жапония уақыты бойынша сағат 19:06–19:59 аралығында эфирге шығады. Қайталама көрсетілімі келесі күні 11:06-да ұсынылады.

Ал күнтізбеде бесінші бейсенбі болатын айларда бағдарлама ұжымы тыңдармандарға арнайы музыкалық эфир әзірлейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар