Семей мен Астана арасында жаңа әуе рейсі ашылады

/
Семей мен Астана арасында жаңа әуе рейсі ашылады
Абай облысы әкімдігі

Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын әуе рейстерінің саны артып келеді. 3 тамыздан бастап «Семей – Астана – Семей» бағытында сыйымдылығы 78-ден 84 орындыққа дейінгі «Bombardier Q-400» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастайды. Рейсті «Vietjet Qazaqstan» әуе компаниясы жүзеге асырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жолаушылар аптасына 4 рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайтын болады. Билет бағасы 20 мың теңгеден басталады. Болашақта жолаушылар сұранысына байланысты аптасына жеті рейске дейін көбейту жоспарланып отыр.

Ұшу кестесіне сәйкес ұшақ Астанадан 07:45-те ұшып, Семейге 09:20-да келеді. Ал Семейден 09:40-та ұшып, Астанаға 11:20-да қонады. Ұшу ұзақтығы 1 сағат 35 минутты құрайды.

Қазір Семей қаласынан «Семей – Алматы», «Семей – Астана», «Семей – Үржар», «Семей – Қарағанды» бағыттары бойынша әуе рейстері орындалуда. Аталған рейстерді «FlyArystan», «Оңтүстік аспаны», «SCAT» әуе компаниялары жүзеге асырып келеді.

Айта кетейік, жаңа бағыт Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің, «Самұрық Қазына» әл-ауқат қорының және Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары