Ақтауда 12 қорап сары май ұрлаған ер адамның ісі сотта қаралды

/
Ақтауда 12 қорап сары май ұрлаған ер адамның ісі сотта қаралды
istockphoto.com

Бұған дейін де сотталған Ақтаудың 46 жастағы жұмыссыз тұрғыны 12 қорап сары май ұрлағаны үшін сот алдында жауап берді. Ер адам бір сауда желісіне тиесілі екі дүкеннен ұрлық жасаған. Алайда кінәсін мойындап, келтірілген шығынды өтегеніне қарамастан, жазадан құтыла алмады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс Ақтау қалалық сотында Қылмыстық кодекстің 187-бабының 2-бөлігі (бірнеше рет жасалған ұсақ ұрлық) бойынша қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы Altynfood сауда желісінің бір дүкенінен салмағы 180 грамм болатын сары майдың 5 қорабын, кейін осы желінің тағы бір дүкенінен дәл сондай өнімнің 7 қорабын ұрлаған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 18 120 теңгені құрады.

Сот оның әрекетін бірнеше рет жасалған ұсақ ұрлық деп саралады.

Тергеу және сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтып, келтірілген материалдық шығынды толық өтеген. Осыған байланысты жәбірленуші тараптың өкілі істі өзінің қатысуынсыз қарауды және азаматтық талап қоюдан бас тартуды сұрады.

Сот талқылауы кезінде айыпталушы мен оның қорғаушысы тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат берді. Алайда сот бұрын жасаған орташа ауырлықтағы қылмыстық құқық бұзушылықтан кейін бес жыл өтпегендіктен, бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар