Қарағанды тұрғыны қонаққа барған үйінен 2 млн теңгенің алтынын ұрлап кеткен

/
Қарағанды тұрғыны қонаққа барған үйінен 2 млн теңгенің алтынын ұрлап кеткен
polisia.kz

38 жастағы әйел алтын әшекейлерінің жоғалғанын байқап, бірден полицияға жүгінген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген материалдық шығын көлемі 2 миллион теңгеден асқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы қала тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, күдікті оқиға орын алардың алдында жәбірленушінің үйінде қонақта болған.

Ново-Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады.

Ұрланған алтын бұйымдардың барлығы тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іс материалдарына тіркелді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарға бағалы бұйымдарды қараусыз қалдырмауға, үйге бөгде адамдарды кіргізуде сақ болуға және күмәнді жағдайлар туындаған жағдайда бірден полицияға хабарласуға кеңес береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар