Қарағанды облысында екі бірдей бала терезеден құлап кетті

/
Қарағанды облысында екі бірдей бала терезеден құлап кетті
"Астана" телеарнасы

Қарағанды облысында демалыс күндері екі кішкентай бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кетті. Екеуі де ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Оқиғалардың бірі Теміртау қаласында болған. Бес жастағы қыз екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған.

Екінші жағдай Қарағанды қаласында тіркелді. Қонаққа келген екі жастағы бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

Зардап шеккендер түрлі дене жарақаттарымен облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиғалар балалар ересектердің қарауынсыз қалған сәтте болған. Жағдайлардың бірінде балаға қарап отырған әпкесі көрші бөлмеге шығып кеткен.

ТЖД дерегіне сәйкес, күн жылынғалы Қарағанды облысында 29 баланың терезеден құлау дерегі тіркелген.

Құтқарушылар ата-аналарға кішкентай балаларды ашық терезе маңында жалғыз қалдырмауды, жиһаздарды терезеден алысырақ орналастыруды және арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатуды ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар