Параспортшы Ардақ Нұрмағамбетов Таиландтағы турнирде қола жүлде алды

/
Параспортшы Ардақ Нұрмағамбетов Таиландтағы турнирде қола жүлде алды
ШҚО әкімдігі

Ардақ Нұрмағамбетов Таиландта өтіп жатқан ITTF World Para Future Nakhon Ratchasima 2026 халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, жарыс барысында спортшы бес кездесу өткізіп, Жапония мен Үндістан өкілдерін жеңді. Ал жартылай финалда Ардақ Қытай спортшысына есе жіберіп, жарыс қорытындысы бойынша қола медальді қанжығасына байлады.

Сенбі күні Таиландта турнирдің екінші кезеңі басталады. Онда жерлесіміз тағы да жүлде үшін бақ сынайтын болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар