Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы Қанатбек Жайсанбаевты қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мемлекет басшысына Қазақстан Халық Кеңесі мен оның Хатшылығын құру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы есеп берілді.
Қанатбек Жайсанбаев Хатшылық Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық, қаржылық, ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ететінін баяндады.
Президент Халық Кеңесі Әділетті Қазақстанның іргесін нығайтуда маңызды рөл атқаратын бірегей диалог алаңы екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Хатшылық басшысына Халық Кеңесінің мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын тиімді үйлестіруді тапсырды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясына дайындықты лайықты деңгейде жүргізу қажеттігіне назар аударды.